«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ (ҰҒМО) — Қазақстан Республикасындағы жетекші көпсалалы медициналық ұйымдардың бірі. Орталықтың тарихы 2001 жылы Астанада Республикалық клиникалық аурухананың ашылуынан басталады. 2010 жылы мекеме Ұлттық ғылыми медициналық орталық мәртебесін алды. ҰҒМО жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін белсенді дамытады. Орталық кардиохирургия, аритмология, интервенциялық кардиология, трансплантология, жасушалық технологиялар, гинекология, урология және медицинаның өзге бағыттары бойынша елдегі жетекші ұйымдардың бірі.
ҰҒМО-да 240-тан астам жоғары білікті маман еңбек етеді, қызмет жылдарында 180 000-нан астам сәтті операция жасалды. Орталық халықаралық сапа стандарттарына сай заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен жарақтандырылған. Маңызды жетістіктерінің қатарында ашық жүрекке жасалған алғашқы операциялар, ағза мен жасуша трансплантациясын дамыту, инновациялық медициналық технологияларды енгізу және халықаралық ғылыми зерттеулерге қатысу бар.
ҰҒМО бірнеше мәрте беделді марапаттарға, соның ішінде сапа мен денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сыйлықтарға ие болды. Орталық EFQM тамаша болу моделінің бес жұлдыз деңгейінде танылған және клиникалық тәжірибені, білім мен ғылымды ұштастыра отырып, Қазақстан халқы үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған отандық медицинаның флагмандарының бірі.
Клиниканың бағыттары: