Жалпы мәліметтер
Нұрлан Қадылбекұлы – нейроуролог дәрігері. Медицина ғылымдарының кандидаты. Жалпы еңбек өтілі – 19 жыл.
30-дан астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде өнертабыс патенті және монографияның авторы.
Негізгі бағыттар:
- функционалды нейрохирургия;
- нейроурология;
- сакралды нейростимуляция;
- қуықтың резервуарлық функциясын қалпына келтіру;
- қуықтың эвакуаторлық функциясын қалпына келтіру;
- орталық генез эректильді дисфункция;
- жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары;
- жоғарғы зәр шығару жолдарының функциясын қалпына келтіру.
Жұмыс тәжірибесі
- 2000-2003 жж. – «Отбасылық медицина» клиникасы (Актөбе), отбасылық дәрігер;
- 2003-2004 жж. – Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, терапия кафедрасы, стажер-оқытушы;
- 2004 ж. – Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, стационарлық терапия оқытушысы;
- 2009 ж. – Ганновер медициналық институты, ғылыми қызметкер;
- 2009-2018 жж. – Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы, онколог-дәрігер.
Білім
- 2003 ж. – М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, мамандығы «Емдеу ісі», біліктілігі «Дәрігер»;
- Ресей, Қазақстан, Германия, Швейцарияның жетекші клиникаларында оқу.