• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2026
  • Бактыберген Казыбек Максутбайулы

    Бактыберген Казыбек Максутбайулы

    4 жыл жұмыс өтілі, Ортопед, Травматолог
    Дәрігер
    4.0 Рейтинг
    Zere клиника, көпсалалы медициналық орталық (филиал)
    Сауран к-сі, 18 (Arman Deluxe ТК), Астана Картадан қарау
    дс,жм: 18:00-20:00, ср,бс: 17:30-20:00, сб: 10:00-13:00
    15 000 тг
    TopDoc.kz

    Жалпы мәліметтер

    Травматолог-ортопед дәрігер-резидент, тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын диагностикалау, емдеу және алдын алуға маманданған. Практикасында диагностика мен емдеудің заманауи халықаралық тәсілдерін қолданады, науқастың жеке ерекшеліктеріне және өмір сапасын қалпына келтіруге ерекше мән береді. Сүйек пен буын жарақаттары, тірек-қимыл аппаратының дегенеративті аурулары, спорттық жарақаттар, омыртқа мен буындардың ауырсыну синдромдары бар науқастарды жүргізу бойынша клиникалық дағдылары бар.

    Клиникалық қарап-тексеруді, рентген, КТ және МРТ нәтижелерін интерпретациялауды жүргізеді, операциядан кейінгі және реабилитация кезеңдерінде науқастарды бақылайды. Травматология-ортопедия саласындағы операцияларда ассистенттік ету және күрделілік деңгейі әртүрлі пациенттермен жұмыс тәжірибесі бар. Заманауи ортопедия, спорттық медицина, регенеративті емдеу әдістері мен буын патологиялары ерекше қызығушылық тудырады.

    Клиникалық қызметін ортопедия және травматология саласындағы ғылыми және зерттеушілік жұмыстармен ұштастырады. Ғылыми жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы, медициналық әдебиетті талдау дағдылары мен дәлелді медицинаның қағидаттарын меңгерген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, бұл халықаралық академиялық ортада пациенттермен және әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

    Жұмысында жауапкершілігімен, ұқыптылығымен, кәсіби дамуға жоғары мотивациясымен және көпсалалы клиникалық практика жағдайында командамен жұмыс істей білуімен ерекшеленеді.

    • Травматология-ортопедиялық бейіндегі пациенттерді бастапқы қарау;
    • Тірек-қимыл аппаратының жағдайын клиникалық бағалау;
    • Буындар мен сүйектердің рентген, КТ және МРТ нәтижелерін интерпретациялау;
    • Гипс және иммобилизациялық таңғыштарды салу;
    • Жарақаттар мен жараларды бастапқы өңдеу;
    • Буындарға пункция жасау және буынішілік инъекциялар;
    • Жергілікті емдік блокадалар;
    • Травматология-ортопедиялық операцияlarda ассистенттік ету;
    • Операциядан кейінгі кезеңде пациенттерді жүргізу;
    • Жарақаттар мен ортопедиялық ауруларды консервативті емдеу;
    • Реабилитация және қалпына келтіру бойынша жеке ұсыныстар әзірлеу;
    • Буындар мен аяқ-қолдардың функционалдық жағдайын бағалау;
    • Тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарының алдын алу бойынша пациенттерге кеңес беру.

    Жұмыс тәжірибесі

    2022 - 2025 ж – Клиникалық прецептор, Назарбаев Университеті Медицина мектебі

    2025 ж. - қазіргі уақытқа дейін — академик Н.Д. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы, кіші ғылыми қызметкер

    2026 ж. - қазіргі уақытқа дейін - Zere clinic көпсалалы медициналық орталығы, ортопед-травматолог дәрігер

    Аурулар

    · Сүйек, буын және байлам аппаратының жарақаттары;

    ·  Сынықтар, шығулар, созылулар және спорттық жарақаттар;

    ·  Ірі және ұсақ буындардың артроздары;

    ·  Тізе, иық, жамбас және тобық буындарының ауырсыну синдромдары;

    ·  Менисктер мен байламдардың зақымданулары;

    ·  Буындар мен жұмсақ тіндердің қабыну аурулары;

    ·  Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық аурулары;

    ·  Омыртқа ауырсынулары және тірек-қимыл аппаратының аурулары;

    ·  Жарақаттар мен ортопедиялық операциялардан кейінгі реабилитация және қалпына келтіру;

    ·  Травматология-ортопедиялық бейіндегі пациенттерді операциядан кейін бақылау;

    ·  Тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарының алдын алу;

    ·  Ортопедиялық ауруларды консервативті емдеу;

    ·  Тірек-қимыл аппаратының рентгенографиясы, КТ және МРТ нәтижелерін интерпретациялау.

    Білімі

    2013 – 2014 жж. NUFYP дайындық бағдарламасы, Назарбаев Университеті, Астана қ., Қазақстан

    2014 – 2018 жж. Биология ғылымдарының бакалавры (Bachelor of Science in Biology), Назарбаев Университеті, Астана қ., Қазақстан

    2018 – 2022 жж. Медицина докторы (MD), Назарбаев Университеті Медицина мектебі, Астана қ., Қазақстан

    2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін - «Травматология және ортопедия» мамандығы бойынша резидентура, Назарбаев Университеті Медицина мектебі, Астана қ., Қазақстан. Оқытудың 4-ші жылы

    4.0 Рейтинг

    Дәрігерлер ортопедтер, травматологтар

    Баймухаметов Аскар Турсынович
    25 жыл жұмыс өтілі, Травматолог
    37 пікір
    4.9 Рейтинг
    Бадиров Хамза Ризаевич
    17 жыл жұмыс өтілі, Ортопед, Травматолог
    12 пікір
    5.0 Рейтинг
    Сулейменов Жетпыс Жукунович
    45 жыл жұмыс өтілі, Ортопед, Травматолог
    6 пікір
    5.0 Рейтинг